Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457–460 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,9–460,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 458–460 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 457,63 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,98 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89–5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,98-5,03 теңгеден сатылып жатыр.
