Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
19 желтоқсан күні сағат 07.44-та Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ, — делінген хабарламада.
«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 347 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстікке қарай Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12.6 MPV, магнитудасы – 6.0. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл қуатымен сезілген.
