Шымкентте тұрғын үйден өрт шықты

Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, екі адам құтқарылды. Бұл туралы Otyrar Telegram-каналы жазды.

18 желтоқсанда сағат 14:10-да қаладағы Қонаев даңғылында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

10 қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде 17 шаршы метр болатын асхана мен лоджия өртенген.

Шымкенттегі өрт
Фото: Otyrar Telegram-каналы

Өрт сағат 14:48-де сөндірілді. Баспалдақ маршы арқылы екі адам құтқарылды. 50 адам баспалдақ маршы арқылы өз бетімен сыртқа шыққан.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.