Моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс медиациялық келісіммен аяқталды

Талап қоюшы Д. талап қоюында жауапкер Ж-дан қызының денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 300 000 теңге моральдық зиянды өндіруді сұраған.

Талап қоюшы Д. және жауапкер Ж. қазіргі таңда өзара дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келгендері туралы түсініктеме беріп, аталған келісімді бекітуді сұрады.

Талап қоюшы Д-ның жауапкер Ж-ның денсаулыққа зиян келтіргені үшін моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарты бойынша:

  1. Жауапкер Ж. өз кезегінде талап қоюшы Д-ның пайдасына моральдық зиян есебінен 250 000 (екі жүз елу мың) теңгенің 150 000 (бір жүз елу мың) теңгесін 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейін, 100 000 (бір жүз мың) теңгесін 2024 жылғы 10 қаңтарға дейін каспи қосымшасы арқылы жолдасы И-дың номеріне төлеп құтылуға міндеттенеді.
  2. Талап қоюшы Д. өз кезегінде жауапкер Ж-дан моральдық зиян 300 000 (үш жүз мың теңге) теңге өндіру туралы талап қоюынан бас тартады, алдағы уақытта осы жауапкерге қайта талап қоймауға келіседі.

Нәтижесінде азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.