Түркістан облысының Отырар аудандық сотының хабарламасы

Түркістан облысының Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша: 2023 жылдың 07 желтоқсанда Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 13 қарашада құқық бұзушы ерекше қорғалатын табиғи аумақта, яғни Отырар орманшылығының №34 орман айналымының №55 орамында, аңшы қаруымен 1 дана қоянды атып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, аң аулау қағидаларын бұзған.

ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекет – әкімшілік құқық бұзушылық заттары және құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғатыны көзделген.

Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабының 3-бөлігінде көзделген  әкімшілік құқық бұзушылықты  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық құралын тәркілей отырып, 169 050 теңге   айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

Түркістан облысының Отырар аудандық сотында 06 желтоқсан 2023 жылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, 60 375 (алпыс мың үш жүз жетпіс бес) теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Себебі, 2023 жылғы 26 тамызда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылында орналасқан дүкенде алкогольдік өнімдерді сату кәсібіне тиісті рұқсатсыз, яғни лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқан.

Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін көрсеткен.

Сот қаулысымен салынған айыппұлды ерікті түрде қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төленуі тиіс екендігі түсіндірілген.

ӘҚБтК-нің 40-бабының 2-бөлігінде Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылатыны түсіндірілген.

Сот қаулысы заңды күшінен енбеген.