Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды, жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қолжетімді барлық контактіге әртүрлі сылтаумен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.

Күдіктілер зиян сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қолжеткізе алатыны белгілі болды. Осыған байланысты, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сонымен қатар жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.