Доллар 458–461 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458–461 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,1-460,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 458,5-461,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 14 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 455,69 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,01–5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,07-5,17 теңгеден сатылып жатыр.