Биыл көпбалалы отбасылар 376,6 миллиард теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 миллиард теңге мөлшерінде жәрдемақы алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 540,8 мың отбасы жалпы сомасы 376,6 миллиард теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 557,3 мың отбасына 37,2 миллиард теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады, — делінген хабарламада.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп, төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.