Алматы тұрғындарына қатты аязға байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
Алматылықтарға 112 ТЖД қызметінен 13-14 желтоқсан аралығында қалада 23-27 градусқа дейін қатты аяз күтілетіні туралы хабарлама келді. Сонымен қатар қала тұрғындарына қар жауатыны да ескертілді.
Синоптиктер Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты.
12 желтоқсанда қар жауады, ал түнде қатты қар жауады, тұман түседі. Жел екпіні секундына 2-7 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 12-13 градус аяз болады.
13 желтоқсанда жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні секундына 0-5 метр болады. Түнде қатты аяз күтіледі-23-25 градус, күндіз 18-20 аяз.
14 желтоқсанда да жауын-шашын жаумайды. Түнде ауа температурасы 27 градусқа дейін төмендейді, күндіз 15-17 аяз болады.
