Полицейлер бір тәулікте 1 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаты, қолайсыз отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейд ұйымдастыру, сонымен қатар жол жүрісі қозғалысы мәселесіне бақылау күшейту мақсатында мүдделі органдармен бірлесіп, ауқымды шара бастау алды. 

Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады. 

Қараша айының соңғы он күндігінде республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 

Шараның алғашқы тәулігінде Түркістан облыс полиция департаментінің басшы құрамымының қатысуымен Түркістан қалалық полиция басқармасы қызметкерлеріне саптық байқау өткізіліп, тиісті нұсқамалар берілді. Сонымен қатар облыс орталығындағы 10 учаскелік полиция пунктінде қала тұрғындарына іс-шараның мақсаты мен міндеті жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыс нәтижесінде шараның бірінші күнінде облыс көлемінде 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 25-і ізін суытпай ашылды. Бұрын болған 11 қылмыс ашылды. Есірткі затын тасымалдау, сақтау бағытында 1 дерек тіркелді. Профилактикалық есепте тұратын, бұрын сотты болған 500-ге тарта адам тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді, — делінген хабарламада. 

1b8c6b123c2be4ff1ea37319d18b0e6d Полицейлер бір тәулікте 1 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Іс-шара барысында барлығы 1 349 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша 24, 440-бабы (Қоғамдық орындарда спирттік ішімдігін тұтыну немесе пайдалану) бойынша 54 әкімшілік хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы (Автокөлікті мас халде басқару) бойынша 9 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ал ҚР ӘҚБтК-ның 596-бабы 3-бөлігі (Автокөлікті қарама қарсы бағытта басқару) бойынша 4 құқық бұзушылық анықталды.

Жалпы іс-шараның негізгі мақсаты — жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың алдын алу, орын алған қылмыстардың ізін суытпай ашу, іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау, тыйым салынған заттарды алып жүру, сақтау деректерін анықтауға бағытталған, —  делінген хабарламада.