“Жұмысқа орналастырып беремін” деп 4 адамды алдаған күдікті анықталды

Түркістан облысы Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, таныс ер адам Атырау қаласына «жұмысқа орналастырып беремін» деп сеніміне кіріп, 1 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырған.

Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады. 

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты, — делінген хабарламада. 

Анықталғандай, ер адам алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бұдан бөлек оның мағыналас тағы үш жайтқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да