Қазгидромет: Ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27 қарашада ел аумағында болатын ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Қалған аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады,- делінген хабарламада.