АҚШ президенті Дональд Трамп Financial Times басылымына берген сұхбатында&
«Қытай Солтүстік Кореяға ықпал ете алады және Пекин біздің Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мәселесін реттеуге көмектесу, я көмектеспеу туралы бір тоқтамға келуі керек. Егер көмектессе, онда ол Қытайдың өзі үшін өте жақсы болмақ»,- деді.
Егер Қытай араласпаса, өзі-ақ реттей алатынын айтты.
«Солтүстік Корея мәселесін қалай реттемексіз?» деген сұраққа Трамп «Оны сізге айтпаймын. Менің сізге Таяу Шығыста қай жерде соққы жасағалы жатқанымды алдын ала айтып қоятын бұрынғы АҚШ емес екенімді білесіз» деп жауап берді.
Айта кетейік, Дональд Трамп 6-7 сәуірде Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездеседі. Олар Корей түбегіндегі жағдаймен қоса бірқатар күрделі мәселені талқылайды деген болжам бар. Сонымен қатар күн тәртібінде Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық дау мен сауда мәселелері қаралмақ.
