Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Хабарламада сәуір айының басында ауа райы өте суық болатыны жазылған.

4-6 сәуір аралығында көптеген облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 2-6º С-қа төмендейді. Жауын-шашын мен сулы қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. Тек батыс облыстарда 5 және 6 сәуір күні жауын-шашын тоқтап, температура жоғарылауы мүмкін.

Астанада 4 сәуір күні күн жартылай бұлтты, қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 9-14, түнде 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде. Түнде ауа температурасы 4-6°С, күндіз 0°С болады.

Ал, Алматыда күн жартылай бұлтты, түнде және түске дейін жауын-шашынды болып, тұман түседі деп болжануда. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С. 5 сәуірде бұлтты, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің ұйытқуы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С. 6 сәуірде Алматыны жартылай бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр. Түнде және таңертең тұман түсіп, 0-5 м/с-тық жел тұрады. Температура түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С-ты құрайды.

5 сәуір күні күн жартылай бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Солтүстік-батыс, батыс желінің ұйытқуы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз 0,-2°С-ты құрайды.

6 сәуірде Астананы жартылай бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с-қа жетеді. Түнде температура -6-8°С, күндіз +1+3°С болуы ықтимал.