Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық көлік өртенеді

Биыл Қазақстанда 1 811 көлік өртенді. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда өрт 14%-ке азайған. Өртенетіндер негізі – жеңіл автокөліктер. Олардың көрсеткіші – 77%. Негізгі себептері:

  • автокөлік құралында электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
  • қолдан газ жабдықтарын орнату;
  • отын және электр жүйесінің істен шығуы;
  • қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;
  • қасақана өртеу.

Ведомство автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргіштің болу керектігін ескертеді.