Алматыда жиһаз қоймасынан өрт шықты

Алматыда жиһаз қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең өрт сөндіру бригадалары Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі, 2/16 мекенжайынан шыққан өртке аттанды.

Алдын ала ақпарат бойынша жиһаз қоймасы жанып жатыр. Жақын орналасқан қойма мен үй-жайларды қорғауға өрт оқпандары енгізіліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды,- делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта өрт оқшауланды.