Доллар мен рубльдің 9 қарашаға арналған бағамы белгіленді

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 9 қарашаға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 466,79 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,07 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467-471 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 468,5-471,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,15 аралығында саудаланып жатыр.