Алматыда марафонға байланысты көшелер жабылады

12 қарашада City Run 2023 марафонына байланысты Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы ұйымдастырушылар хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық жарыс Төле би көшесіндегі «Астана» алаңынан бастау алады.

Төле би көшесінің бойы Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін таңғы сағат 04.00-ден түскі 11.00-ге дейін жабылады.

Балама жол: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 07.45-тен 09.40-қа дейін жабылады.

Балама жол: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Наурызбай батыр көшесінде Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08.00-ден 09.30-ға дейін шектеледі.

Балама жол: Сейфуллин даңғылы.

Шевченко көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08.05-тен 09.20-ға дейін жабылады.

Балама жол: Абай даңғылы.

Панфилов көшесінде Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі аралық 08.15-тен 09.45-ке дейін жабылады.

Балама жол: Назарбаев даңғылы.

Бөгенбай батыр көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы 08.15-тен 09.45-ке дейін жабылады.

Балама жол:шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Абылай хан даңғылында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы 08.15-тен 09.45-ке дейін шектеледі.

Балама жол: Назарбаев пен Сейфуллин даңғылы.

City Run – қаланың дәл орталығында өтетін маусымның соңғы жарысы. Жарыс әуесқойларына екі жүгіру қашықтығы ұсынылған — 10 километр және 5 километр скандинавиялық жүріс. Оған 2 200 қатысушы шығады, — деді ұйымдастырушылар.