Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 464–469 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465-469 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 464,5-468 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 6 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,91-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95-5,1 теңгеден сатылып жатыр.
