6 қараша. Еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтыны болжанды. Бұл туралы “Қазгидромет” мамандары хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 6 қарашада Алматы мен Астанада қолайсыз метеорология жағдайларына байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорология жағдайлары — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.