«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21-23 қазанға арналға ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Республиканың синоптикалық жағдайын Солтүстік Атлантикалық циклон мен Скандинавиялық антициклон қалыптастырады, әртүрлі фазаларда жауын-шашын тудырады және күндізгі жылынуды шектейді, тек еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ауысады.
Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде 0-5 аяз болады, күндіз ауа температурасы 2-12 градусқа дейін жоғарылайды, ал дүйсенбіде 3 аяз — 5 жылы күтіледі. Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, — делінген хабарламада.
