Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,59 теңгеге өсті. 1 АҚШ долларының орташа бағамы 477,99 теңге.

Ұлттық банктің 18 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477,12теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,90 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 478,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,5 теңге. Ал Астана бойынша сату бағамы – 476 теңге, сатып алу құны– 481 теңге. Ресей рублі 4,75–4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.