Елімізде 14-16 қазанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 14-16 қазанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, фронталь бөлімдер әсерінен таяудағы үш тәулікте солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауын болады деп болжанған. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп болжанған.

Республиканың басым бөлігінде күндіз термометр 10-20 градусқа дейін жылыса, түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде 1-3 градус аяз күтіледі, — делінген хабарламада.