Қазақстанда электрон сауда-саттықтың көлемі 30%-ке өсті

ЕАЭО елдерінде электрон сауда-саттық қарқынды дамып келеді, оның өсу қарқыны әлемдік деңгейден асып түсті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Оның өсу қарқыны әлемдік деңгейден асып түсті, ұлттық сараптама агенттіктерінің мәліметі бойынша ең жоғары өсім 2022 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында 30% деңгейінде тіркелді, — деді ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бәкенов.

Ол қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, «ЕАЭО шеңберінде электрон сауда тауарлары нарығын мамандандырылған реттеуді енгізумен айналысып жатқанын» айтты.

Хабарламада 2022 жылы әлемдік онлайн сауда бөлшек сауда нарығының 19%-і болып, ақша түрінде 5,5 триллион доллардан асқаны аталып өткен. Сарапшылардың болжамы бойынша 2027 жылы оның үлесі әлемдік сауданың 25%-і немесе 9,1 триллион доллар болды.