12 қазанда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синиптиктері хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, бейсенбіде Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорология жағдайы — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
