Ұлттық банк доллар мен рубльдің 5 қазанға арналған бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 5 қазанға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 476,59 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,79 теңге.

4 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,45 теңгеге төмендеп, 476,74 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475–480 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 476,5–479,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,71–4,93 аралығында саудаланып жатыр.