Алматыдан Тель-Авивке әуе рейстері ашылды

Air Astana компаниясы 7 қыркүйекте Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстерді іске қосты.

Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әуе рейстері аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Жолаушыларды Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелері тасымалдайды.

Қазақстан мен Израиль арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Көлік министрлігі азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырады.