Қазақстанда көлік министрлігі қайта құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек екенін айтты.

Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет.

Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9%-ке жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады, — деді мемлекет басшысы.