Алматыда жүргізушісі жоқ автобус төрт көлікке соғылды

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус төрт көлікке соғылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы сағат 12.50-де Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған.

Жолдың шетінде тұрған 79-маршруттағы автобус өздігінен артқа қарай жүріп, төрт көлікке соғылды. Instagram-парақшасында оқиға орнынан видео тарады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)

Полиция мәліметінше, «KIA» маркалы автокөліктің жолаушысы дене жарақатын алған.

Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қабылдады. Мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.