Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды

Жаз мезгілінде құтқарушылар судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і – балалар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Жаз мезгілінде құтқарушылар судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і – балалар. 177 адам суға батып кетті, оның ішінде 53-і – кәмелетке толмағандар. Өткен 2022 жылғы шомылу маусымында су айдындарында 184 адам қаза болса, (-4%), соның ішінде 62-сі – кәмелетке толмағандар (-15%). Суға батқандардың 98%-і жабдықталмаған жағажайларда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күштерін асыра бағалау, мас күйде шомылу, жүзе алмау. Ал балалардың суға кетуінің басты себебі – ересектердің оларды қараусыз қалдыруы, — дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4 285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, демалысқа тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.

Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.