Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 6 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459,97 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,71 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458-462 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 460-463,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,67-4,87 аралығында саудаланып жатыр.