Қасым-Жомарт Тоқаев далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті

Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында өтіп жатқан «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын барып көрді.

Жоғарғы бас қолбасшы әскери қызметшілер алдында сөз сөйлеп, Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет екенін айтып өтті.