Алматыда Байзақов көшесі уақытша жабылады

Алматыда Байзақов көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Көше-жол желісін зерттеу қорытындысы бойынша орташа жөндеу жоспарына Байзақов көшесі енгізілген.

29 тамыз сағат 23.00-ден 30 тамыз сағат 06.00-ге дейін Байзақов көшесі бойымен Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, — делінген хабарламада.

Жабық учаскені Әуезов, Сәтбаев, Байтұрсынов және Тимирязев көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің екі экипажы жұмылдырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жол жүру бағытыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз, — деп толықтырды әкімдік.