Түркістан облысында 49 медициналық нысан салынады

Түркістан облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысы бойынша 49 медициналық нысан салынбақ. Медициналық көмекті қол жетімді ету мақсатында жаңадан бой көтеретін емдеу нысандары шалғайдағы ауылдарда салынбақ.

Биылдың өзінде Мақтаарал, Ордабасы мен Жетісай аудандарындағы 5 фельдшерлік-акушерлік пункт нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 3-нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың жалпы құны 1 102,4 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ Ордабасы ауданында фельдшерлік-акушерлік бекеттердің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде.

Жалпы Түркістан облысы бойынша Ұлттық оператормен 3 үлгілі нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алған. Атап айтқанда, Қазығұрт, Төлеби мен Түлкісбас ауданындарындағы елді мекендерде медициналық нысан құрылысы жүргізіледі.