Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457–462 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz дерегі бойынша Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458–462 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда аталған валюта 457,5–462,5 теңге аралығында құбылып тұр.
23 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 6,23 теңгеге өсіп, 459,37 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 тамыздағы ресми бағамы: 1 долларға – 458,13 теңге, Ресей рублі – 4,86 теңге.
Көрші ел валютасы Алматыда 4,81–5,03 теңге, Астанада 4,81-4,91 теңге аралығында сатылып жатыр.
