Басты бетЖаңалықтарТәжікстан президенті...

Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.