Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 31 шілдеге арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,68 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,90 теңге.

28 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,95 теңгеге өсіп, 445,65 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443–447 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 444–448 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77–4,99 аралығында саудаланып жатыр.