Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады, салдарынан екі адам қаза болды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жол апатынан 12 адам жарақат алған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жол апатына ұшыраған автобустың ішінде Қазақстан азаматтары болғанын растады.

Бүгін таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған, — деді Айбек Смадияров.

Смадияровтың айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайы мен азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты.