Батыс Қазақстанда даладағы 38 өрттің 35-і сөндірілді

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер кешеден бері хабарлама бойынша 60 рет шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, соның ішінде 10 шаршы метрден 7 мың гектарға дейінгі аумақта жанған 38 құрғақ шөп өртінің 35-і сөндірілді.

Қазіргі кезде үшеуі, атап айтқанда, Казталов ауданы Көккүтір қыстағында (4 800 гектар), Сырым ауданы Тоғанас ауылында (7 мың гектар), Ақжайық ауданында Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округімен шектесетін аумақта (6 700 гектар) құрғақ шөптің жануы бақылауда ұсталып отыр, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында құрамына барлық коммуналдық қызметтер кірген жедел штаб құрылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да