Абай облысының Бесқарағай ауданында құрғақ шөп өртенді

Абай облысының Бесқарағай ауданында құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 10 шілдеде сағат 12.35-те «101» пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жолға шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 15.18-де оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектар, — делінген хабарламада.

Орман қоры мен елдімекендерге қауіп жоқ.