Абай облысында өрт толығымен сөндірілді

Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Абай облысының және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілерінің бірлескен күш-жігерімен өрт бүгін сағат 07.15-те сөндірілді, — делінген хабарламада.

Кеше, сағат 19.00-де өрт оқшауланды. Елдімекендерге қауіп төнген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, өрт 2 шілде күні сағат 11.00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде тұтанған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да