Елімізде 8-10 шілде күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8-10 шілде күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындп жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

8-9 шілдеде шығыста, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауу мүмкін.

Ал Қазақстанның қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін.

9-10 шілдеде батыста, солтүстік-батыста,Қазақстанның орталығында 43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады, — делінген хабарламада.