Бүгін Астана мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

7 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

7 шілде, жұма күні еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе және Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.