Алматыда Абай даңғылы екі күнге жабылады

Алматыда жолға асфальт төселуіне байланысты Абай даңғылы бойының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігі екі күнге жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

7 шілде сағат 23:00-ден 9 шілде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс толығымен шектеледі.

Осы учаскеде полимерасфальтбетонды қолдануға байланысты қозғалыс шектеледі. Ол 150-160 С температурада төселеді, қажет беріктікке жету үшін қоспаны 40 градусқа дейін салқындату керек. Әйтпесе қоспаның құрамы көлік жүктемесінің әсерінен бұзылады, бұл болашақта көшенің жарылуына әкеледі, — делінген хабарламада.

Жабын төсеу жұмысы түнде жүргізіледі. Бірақ жолды кептіру сағаты күндізгі уақытқа сәйкес келуі мүмкін.

Жұмыс сапасы нашарламас үшін бетті салқындату, қаттылық пен беріктікті жинау үшін орта есеппен 36 сағатқа шыдау керек. Бұл мерзім әдетте, күндізгі уақытқа сәйкес келеді. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Баратын бағытыңызды алдын ала белгілеп алуды өтінеміз, — деп ескертеді әкімдіктен.