Қазақстанда 4-6 шілдеде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4-6 шілде күндері елімізде ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сонымен қатар батыста күндізгі температура 33-39 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі, республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: солтүстік-батыста және орталықта 25-35 градусқа дейін, солтүстікте 25-30 градусқа дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін, оңтүстікте 25-38 градусқа дейін, — делінген хабарламада.