ІІМ: Елімізде бір аптада 2 587 қылмыс тіркелді

Елімізде бір аптада 2 500-ден астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Бір аптада 2 587 қылмыс жасалды, оның 1 529-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты – жеті, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты – бес, сонымен қатар 27 тонау және 336 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифиңде

Сонымен қатар өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ішкі істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Полиция жұмысының сервистік моделі енгізіліп жатыр. «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын енгізуге бағытталған нақты шаралар қабылданды. Енді осы қарқын қандай жағдайда да төмендемеуі керек. Біз пилоттық жоба аясындағы нәтижелермен шектелмеуге тиіспіз. Сонымен қатар сотқа дейінгі іс жүргізу де басты назарда болуы қажет, – деді мемлекет басшысы.