Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-452 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 449–451,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 3 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 449,33 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,17 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,99–5,25 теңге, Астанада 4,90-5,10 теңге аралығында ұсынылып жатыр.