Алматыда қалалық жер қатынастары бөлім басшысының орынбасарының міндетін атқарушы қамауға алынды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Шенеунік мемлекет мұқтажы үшін жер телімін сатып алуда 45 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Осы басқарманың қызметкерлері жеке жер иелерінің мүддесін көздеп, үлестес бағалаушының көмегімен мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын сегіз учаскенің құнын негізсіз асыра бағалаған.
Мемлекет бұл меншік иелеріне артық 7,5 миллиард теңге төлеген. Сонымен қатар бір нысан бойынша бағалаушы қызметінің құны 2021 жылы орта есеппен 68 теңге, 2022 жылы 10 теңге болды, — делінген хабарламада.
