Олжас Сыздықов экономика министрлігі аппаратының басшысы болды

Олжас Сыздықов Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Олжас Олжабайұлы Сыздықов Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.