Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 29 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 450,36 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,30 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,5 – 452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 449,5–453 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17–5,28 теңгеден саудаланып жатыр.